+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

🔹 ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ 🔹

2026 жылғы 9 қазанда Ақши ауылының бас жоспарына өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты ауылдық округі әкімдігі ғимаратында қоғамдық талқылау өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауылдың бас жоспарына ұсынылған өзгерістерді тұрғындар назарына ұсыну, жоспарланған жұмыстардың мазмұнын түсіндіру және қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.

Қоғамдық талқылау барысында ауыл аумағын жоспарлау, елді мекеннің болашақтағы даму бағыттары және аумақты тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға бас жоспарға енгізілетін өзгерістер жөнінде ақпарат беріліп, ұсыныстар мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік жасалды.