+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бүгін Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және халыққа қолайлы сауда жағдайын қалыптастыру.

Жәрмеңке барысында тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылып, қажетті азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.

Мұндай іс-шаралар отандық өнім өндірушілерді қолдауға, жергілікті ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.