
Тұрғындармен кездесу өтті
2026жылғы 13 қазан күні сағат 11:00-де Қаратұрық ауылдық округ әкімінің орынбасары Б.Сокуровтың 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында округте атқарылған жұмыстар туралы Ащысай ауылының тұрғындарымен есепті жиналысы өтті. Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат беріліп, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер мен өзекті мәселелер көтеріліп, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
