
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Ағымды жылдың 13 қазанында Еңбекшіқазақ ауданының дінтанушысы Ражибай Ұлан Болатбекұлы және Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мырзабекова Тоғжан Тұрсынқызының қатысуымен А.Бертаева орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға:
🔹 Діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зардабы
🔹 Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары
🔹 Әлеуметтік желідегі жат ағымдардың арбауынан қорғану
🔹 Зайырлылық және конфессияаралық келісім қағидаттары түсіндірілді.
