
Зерделеу жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 13 қазанда Еңбекшіқазақ ауданындағы Отбасын қолдау орталығында Алматы облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелерінің қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауданда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу, өзекті мәселелерді талқылау және алдағы міндеттерді айқындау.
Кездесу аясында «Заманауи қоғамдағы отбасы және гендерлік қатынастар: өзекті мәселелер мен даму бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында ауданның отбасылық және гендерлік саясат саласындағы жұмыстары, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері Отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Зерделеу қорытындысы бойынша анықталған мәселелер мен оң тәжірибелер негізінде тиісті ұсынымдар әзірленеді.
