+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ  ХАБАРЛАМА(ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ)

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (бұдан әрі желілік басылым) меншік иесі «ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының мәлихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Орталық сайлау комиссиясының 2026жылғы  13 қазандағы қаулысына сәйкес және мәслихат депутатығына үміткерлердің   , сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін газет және желілік басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарландырады.

ГАЗЕТТІҢ, MEZET.KZ ЖЕЛІЛІК БАСЛЫМЫНЫҢ

АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

Газет және интернет портал үгіттік баспа материалдарынорналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газет пен интернет порталдан басылым алаңдарын беру газет пен интернет порталдың меншік иесі мен тіркеуден өткен саяси партияның үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшартнегізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.

Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың, депутаттықа үміткерлердің  сенімді өкілдері газет пен желілік басылым меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

-Саяси партияның тіркелгенін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

-саяси партияның, депутаттықа үміткердің уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

-үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;

-қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;

-өтініш беруші саяси партияның депутаттықа үміткердің,уәкілетті өкілінің жекебасы куәлігінің көшірмесі.

Газет пен желілік басылымға жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112-үй, 2-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның мекен жайы,қаржыландыру көздері, материалды шығаруға жауаптытұлғалар, жарияланымдардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс.  Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігінебайланысты газет пен интернет портал белгілейді. Бірнешесаяси партия, депутаттыққа үміткерлер атынан жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет пен интернет портал тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребегебаспалық материалдарды орналастыру кезектілігінеталасушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саясипартиялардың әрбір  уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалдарды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребеаяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясынатапсырылады. 

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

Газетке, желілік басылымға үгіттік баспа материалдарыгазет жарық көретін датаға кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуы тиіс. Ал желілік басылымға үгіттік баспаматериалдарын күнбе-күн тапсыруға болады. Газет пен интернет портал материалдарда конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмағанәскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспаматериалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет пен интернет портал саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретінақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарынорналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сайтүзетілуі мүмкін.

ГАЗЕТ ПЕН MEZET.KZ ЖЕЛІЛІК 

БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫНА ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылымалаңдарының газеттегі бағасы: 

– Қазақстан Республикасы Құрылтайын сайлауғақатысу үшін баспа материалдар, жарияланған беттерге модульнемесе мәтіндік материал орналастырудың 1 шаршы см. үшін 300 теңге; 

mezet.kz желілік басылымында орналастырылған үгіттік модуль үшін 100000теңге. Сонымен қатар, жазбаша үгіт материал үшін   – 75000тг.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшотберілген күннен басталатын 3 (үш) банк күні ішінде жүргізі-леді. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиістікелісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестің банктік реквизиттеріне төленеді.

«Еңбекшіқазақ»газетінің

бас редакторы                                      Х.Ахметжанов