
Құтқарушылар – қауіп пен қатерге қарсы тұрған қайсар жандар
Құтқарушылар күніне орай аудан әкімі Рустам Маратұлы төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою жолында қызмет етіп жүрген сала мамандарын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде адам өмірін сақтап қалу жолында тәуекелге бел буып, кез келген жағдайда жедел әрекет ететін құтқарушылардың еңбегі айрықша құрметке лайық екенін атап өтті. Сондай-ақ ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметтеріне алғыс білдірді.
Кездесу барысында сала қызметкерлеріне адал еңбегі мен кәсіби міндеттерін абыроймен атқарғаны үшін аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Адам өмірін арашалау – үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Қауіп-қатерге қарамастан, халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!
