
Білімді ұрпақ – елдің ертеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға қатысты айтқан мәліметтері елімізде жас ұрпақтың болашағына ерекше көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді. Соңғы жеті жылда 1483 балабақша мен 1342 мектептің салынуы – білім беру инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы маңызды жетістіктердің бірі.
Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Сондықтан балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау, мектептер мен балабақшалардың қолжетімділігін арттыру өте маңызды. Бұл қадамдар өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жастарға жоғары білім алу үшін 1,5 трлн теңге көлемінде 655 мыңнан астам гранттың бөлінуі – үлкен мүмкіндік. Мұндай қолдау жастардың білімге деген ұмтылысын арттырып, қабілеті мен еңбегіне қарай өз жолын табуына жағдай жасайды. Білімге салынған инвестиция – Қазақстанның жарқын болашағына салынған инвестиция.
Рахимов
Багдат Болатович
Аудандық Әділет партиясының төрағасы
