+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Балалардың болашағына осындай мүмкіндік қарастыру – ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бір көрінісі.

Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы өсімі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды көрсеткіштердің бірі. 2019 жылдан бері экономиканың 30%-ға жуық өсуі түрлі салалардың дамуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, экономикалық өсім халықтың күнделікті өмірінен де көрініс табуы қажет.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 7 миллион баланың есепшотына 2,5 млрд доллар аударылуы да назар аударарлық бастама. Бұл қаражат балалардың болашағына инвестиция ретінде қарастырылып, олардың кәмелетке толған кезде білім алуына немесе баспана мәселесін шешуіне қолдау көрсете алады.

Балалардың болашағына осындай мүмкіндік қарастыру – ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бір көрінісі. Экономиканың дамуы мен ұлттық байлықтың келешек ұрпақтың игілігіне бағытталуы қатар жүруі маңызды. Осындай жобалардың тиімді жүзеге асуы үшін қаражаттың ашықтығы мен халыққа түсінікті ақпарат берілуі де қажет.

Жошыбаева
Гулнара Сагатовна
Облыстық аналар кеңесінің төрайымы