+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін осындай мүмкіндіктерді кеңейту маңызды.

Білім беру саласына жасалып жатқан инвестициялар еліміздің болашағы үшін маңызды. Соңғы жеті жылда 1483 балабақша ашылып, 1342 мектептің салынуы балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл білім беру инфрақұрылымын дамытудағы нақты қадамдардың бірі.

Жастарға жоғары білім алу үшін 655 мыңнан астам гранттың бөлінуі де үлкен мүмкіндік. Әрбір жас өз қабілеті мен біліміне қарай таңдаған мамандығын игеріп, болашақта ел дамуына үлес қоса алады.

Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін осындай мүмкіндіктерді кеңейту маңызды. Ең бастысы, білім сапасы артып, грант иегерлері алған білімін тәжірибеде қолданып, білікті маман болып қалыптасса, бұл еліміздің дамуына оң ықпал етеді.

Мықыбаев Жуман Сембаевич
Ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары