
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Қоғамның дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты негіздерінің бірі – заңға бағыну және тәртіпті сақтау. «Заң мен тәртіп» шаралары – бұл азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі болып табылады.
