+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Таза Қазақстан – таза болашақ


«Таза Қазақстан» – еліміздің табиғатын қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды бастама. Оның басты мақсаты – көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдерді қоқыстан тазарту және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Таза Қазақстан әр азаматтың кішкентай қадамынан басталады. Қоқысты арнайы жәшікке тастау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу және табиғатты ластамау – әрқайсымыздың міндетіміз. Егер әр адам өз ортасының тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміз көркейіп, табиғатымыз байи түседі.