
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласына қатысты айтқан сөздері жастарға жасалып жатқан қолдаудың маңызын айқындайды.
Бүгінде әрбір жас сапалы білім алып, өзіне ұнайтын мамандықты игеріп, қоғамнан лайықты орнын табуға ұмтылады. Осындай мақсаттарға жету үшін қолжетімді білім беру жүйесі мен нақты мүмкіндіктер қажет.
Мемлекет тарапынан 1,5 триллион теңгеден астам қаражатқа 655 мыңнан аса жоғары білім грантының бөлінуі – жастардың кәсіби дамуына жасалған елеулі қолдау. Сонымен қатар 1483 балабақша мен 1342 заманауи мектептің ашылуы білімге деген сұранысты қамтамасыз етуге және балалардың ерте жастан дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Менің ойымша, білімге бағытталған мұндай бастамалардың нәтижесі ұзақ мерзімде көрінеді. Бүгінгі мектеп оқушылары мен студенттер – ертеңгі білікті мамандар, ұстаздар, дәрігерлер, инженерлер және кәсіпкерлер. Сондықтан жастарға сапалы білім беру, олардың қабілетін дамыту және кәсіби өсуіне жағдай жасау еліміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды.
Асубай Есендос Мәдениет саласының қызметкері
