
Мемлекет басшысының білім беру мәселесіне ерекше назар аударуы – өте орынды шешім.
Қазіргі заманда елдің дамуы табиғи ресурстармен ғана емес, ең алдымен, адами капиталдың сапасымен өлшенеді. Ал адами капиталдың негізі баланың сапалы тәрбие мен білім алуынан басталады.
Елімізде жаңа балабақшалар мен заманауи мектептердің салынуы балалардың білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге соңғы жеті жылда жоғары білім алуға 655 мыңнан астам гранттың бөлінуі жастарға өз болашағын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл – жас ұрпақтың әлеуетін ашуға және қоғамдағы білімді мамандардың үлесін арттыруға арналған маңызды қолдау.
Білім беру саласын дамытуда мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысы қажет. Ата-аналар баланың білім алуына көңіл бөліп, педагогтер сапалы оқытуға күш салса, ал жастар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланса, нәтиже де жоғары болады. Білімді ұрпақ қалыптастыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Мамбеткаримова Сауле Султанбековна Аналар алқасының төрайымы
