
Қазақстан мен АҚШ арасындағы коммерциялық келісімдердің көбеюі экономиканың түрлі салаларына оң әсер етуі мүмкін.
АҚШ Президентінің құттықтауында америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Шетелдік инвестиция тарту өндіріс орындарын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.Алдағы уақытта Қазақстан мен АҚШ арасындағы коммерциялық келісімдердің көбеюі экономиканың түрлі салаларына оң әсер етуі мүмкін. Әсіресе, энергетика, өнеркәсіп және технология бағыттарындағы ынтымақтастыққа басымдық беру маңызды. Ең бастысы, жасалған келісімдер нақты нәтижелерге айналып, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керек.
Белсенді жастар — Болатханова Жамал Сәбетқызы
