+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

АҚШ-пен қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

АҚШ-тың 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындауы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың тарихи негізі болып саналады. Дональд Трамптың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қолдау білдіруі халықаралық серіктестіктің маңызды бағытын айқындайды. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы дербес мемлекет ретіндегі орнын көрсетеді.Бүгінде еліміз сыртқы саясатта ұлттық мүдделерге сүйене отырып, түрлі мемлекеттермен тең дәрежелі байланыс орнатуға ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда, АҚШ-пен қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Екіжақты байланыстардың басты мақсаты — өзара құрмет пен тиімді ынтымақтастықты сақтау.

Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Ұзақов Тілеулес Дүйсебайұлы