
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
2026 жылғы 2 қарашада Есік қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында Абылай хан атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға 70 педагог қатысып пікір алмасты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергетика саласын дамыту мәселелері болды.
Жиын барысында электр энергетикасы саласын жаңғырту, энергия тапшылығының алдын алу, электр қуатын өндіру көлемін арттыру және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар атом энергетикасын дамыту, энергетикалық көздерді әртараптандыру және елдің ұзақ мерзімді энергетикалық әлеуетін нығайту бағыттарына назар аударылды. Энергетикалық қауіпсіздіктің экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушыларға аталған бағыттар бойынша Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер түсіндіріліп, пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай кездесулер Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіруге және мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған.
