+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

2026 жылғы 3 қарашада Байтерек ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында Әл-Фараби атындағы мектептің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға аудандағы Әділет партиясының төрағасы Б.Рахимов қатысып, білім беру саласының 80 өкілімен пікір алмасты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – көлік-логистика саласын дамыту, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері болды.

Жиын барысында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, теміржол желілерін жаңғырту, көлік қатынасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның географиялық орналасуын тиімді пайдалану арқылы халықаралық көлік дәліздерін дамыту және транзиттік тасымал көлемін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген көлік саласындағы басым міндеттер түсіндіріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулер Жолдаудың негізгі бағыттарын халыққа жеткізуге және өзекті мәселелер бойынша қоғамдық диалогты дамытуға бағытталған.