+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАНАУИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 4 қарашада Қаракемер ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында Орымбетов атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Іс-шараға білім беру саласының 80 өкілі қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару мен экономика салаларына енгізу мәселелері болды.

Жиын барысында цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, басқару үдерістерін оңтайландыру және заманауи технологиялардың экономикалық дамуға ықпалы талқыланды.

Сонымен қатар жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде қолдану, оқу үдерісін жетілдіру, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру және білім алушылардың заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, еңбек өнімділігін жақсартуға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, цифрлық технологияларды білім беру саласына енгізу жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.