
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
2026 жылғы 4 қарашада Шелек ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында Шелек политехникалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Іс-шараға білім беру саласының 90 өкілі қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласын дамыту, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері болды.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, суару жүйелерін жаңарту және су тапшылығының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді басқарудың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызы атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар аталған салаларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Осындай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіруге және ел дамуының басым бағыттары бойынша қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталған.
