+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНАН ҚОРҒАУ

Қазіргі цифрлық заманда интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидалары қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру – алаяқтық әрекеттердің алдын алудың маңызды жолы.

Осы бағытта білім алушыларға интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу, жалған хабарламалар мен қаржылық ұсыныстарды ажырата білу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар оңай әрі жылдам табыс табуға уәде беретін күмәнді жобалардан сақ болу, қаржы пирамидаларының белгілерін тану және ақпаратты тексеру қажеттілігі түсіндірілуде.

Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың алғашқы қадамы! Цифрлық сауаттылық – қауіпсіздіктің кепілі!

#ЗаңМенТәртіп #ИнтернетАлаяқтық #ҚаржыПирамидасы #ЦифрлықСауаттылық #ҚаржылықҚауіпсіздік