
ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жанашар бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру, алға қойылған міндеттердің маңыздылығын талқылау және олардың жүзеге асырылу барысындағы азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Жиын барысында ел дамуының стратегиялық басымдықтары, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және басқа да маңызды бағыттар бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруда мемлекеттік органдармен қатар қоғамның әрбір мүшесінің белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
Кездесу қатысушылары өзара пікір алмасып, ел болашағы мен қоғамның тұрақты дамуы жолында ортақ міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамаларды халық арасында кеңінен насихаттауға және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына ықпал етеді.
