
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
2026 жылғы 9 қараша күні Көктөбе атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген жасанды интеллектіні дамыту және оны білім беру саласына енгізу мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын дамыту және оларды күнделікті өмір мен білім беру үдерісінде тиімді пайдалану бағыттары түсіндірілді.
Атап айтқанда, білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, оқу үдерісінің сапасын арттыру, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру, заманауи технологияларды сабақ барысында тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар педагогтердің жасанды интеллектіні меңгеруі заман талабына сай білім берудің маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру саласындағы цифрлық жаңашылдықтарды енгізудің маңыздылығына тоқталды.
