+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

2026 жылғы 9 қараша күні В. Терешкова атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған цифрлық трансформация бағыттары, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және оны білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыруда заманауи цифрлық технологиялардың рөлі, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін жетілдіру, оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі қауіпсіз қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында педагогтер өз пікірлерін білдіріп, білім беру саласындағы цифрлық жаңашылдықтардың маңыздылығын атап өтті.