
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ
2026 жылғы 10 қараша күні Хайдар атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген білім беру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған білім беру жүйесін жетілдіру, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және адами капиталды дамыту бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар білім беру саласындағы жаңашылдықтарды енгізу, оқушылардың білім сапасын арттыру, мұғалім мәртебесін нығайту және жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру саласын дамытуда педагогтер қауымының рөлі мен жауапкершілігіне тоқталды.
