+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Жаңа Конституция – тарихи таңдау, маңызды қадам


Қазақстан тәуелсіздік тарихындағы жаңа саяси-құқықтық кезеңге аяқ басты. Жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдық қатынастарды заман талабына сай реттеуге негіз қалайды.
Жаңа Конституция – қоғамдағы өзгерістерге жауап беріп қана қоймай, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын тарихи құжат. Әлемдегі геосаяси өзгерістер, цифрландыру мен технологиялық жаңғыру жағдайында Қазақстан да құқықтық жүйесін жетілдіруге басымдық беріп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның тарихи маңызына тоқталып, оның еліміздің болашақ дамуына негіз болатынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ата Заңда ел егемендігі, жер тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде белгіленген. Сонымен қатар заң мен тәртіп, білім мен ғылым, жаңа технологиялар, табиғатты қорғау және волонтерлік қызметті қолдау бағыттары да көрініс тапқан.
Жаңа Конституцияның негізгі мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың жауапкершілігін арттыру, қоғамдық келісімді сақтау және елдің тұрақты дамуына жағдай жасау. Өйткені Ата Заң – мемлекеттің құқықтық тірегі әрі болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды құжат.