+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Интернет алаяқтықтың алдын алу – басты міндет


Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны артқан сайын, азаматтарды алдаудың түрлі әдістері де көбейіп келеді. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, жалған хабарландырулар, тиімді ұсыныстар, ұтыс ойындары мен банк қызметкерлерінің атын жамылу арқылы ақша жымқыруға әрекет жасайды.
Әсіресе азаматтардың жеке деректерін, банк картасының нөмірін, SMS-кодтарын иемдену арқылы қаржылық шығынға ұшырату жағдайлары кездеседі. Мұндай әрекеттерден сақтану үшін әрбір адам интернетті пайдалану кезінде мұқият болуы қажет. Құқық қорғау органдары тұрғындарға белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерді ашпауға және ешкімге банк картасының құпия мәліметтерін бермеуге кеңес береді.
Сонымен қатар интернет алаяқтықтың алдын алуда халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызы зор.