+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Сөгеті бастауыш партия ұйымында Жолдауды түсіндіру жұмыстары өтті

Сөгеті бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және өңірлерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар қатысушыларға Жолдауда айқындалған міндеттердің маңыздылығы түсіндіріліп, ел дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асырудағы әр азаматтың жауапкершілігі атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.