
Малыбай бастауыш партия ұйымында Жолдауды түсіндіру жұмыстары өтті
Малыбай бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңыздылығы түсіндіріліп, оларды жүзеге асырудағы азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі атап өтілді.
