+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Сынып жетекшілерге арналған семинар өтті

Заманға лайық тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан, жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

2024-2025 оқу жылының сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие жұмысы-ның жаңа формалары, әдіс-тәсілдерімен бөлісу, сынып жетекшіге әдістемелік-практикалық көмек көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында Есік қаласындағы «Райымбек батыр мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен аптада «Біртұтас тәрбие бағдарлама-сының жаңартылған мазмұны мен жобаларды іске асыру» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э.Ерболов пен П.Әбділ-Әшімнің  ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты сынып жетекшілердің шеберлігін жоғарылату арқылы тәрбиелеу формалары мен әдістерін жетілдіру, сынып же-текшілердің жұмысына заманауи тәрбие беру технологияларын және жаңа жұмыс үлгілері мен әдістерін енгізу.

Семинарға мектеп әкім-шілігі мен  1-11 сыныптың сынып жетекшілері қатысты. Мектеп директоры С.Турикбае-ва семинарды ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселелер-мен таныстырды. П.Әбділ-Әшім «Біртұтас тәрбие бағ-дарламасының жаңа оқу жылындағы даму жолдары» тақырыбында ұстаздарға ақпа-рат берсе, Э.Ерболов «Құқық-бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы  түсінді-ріп шықты. Сондай-ақ, сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проб-лемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар берілді. Қорытын-ды бөлімінде мектеп психологы Д.Шаназарова мұғалімдерге жақсы көңіл-күй сыйлап, сергіту жаттығуын жасатты.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ, «Райымбек батыр атындағы» орта мектеп КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.