+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Сынып жетекшілерге арналған семинар өтті

Заманға лайық тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру – жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан, жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

2024-2025 оқу жылының сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие жұмысы-ның жаңа формалары, әдіс-тәсілдерімен бөлісу, сынып жетекшіге әдістемелік-практикалық көмек көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында Есік қаласындағы «Райымбек батыр мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен аптада «Біртұтас тәрбие бағдарлама-сының жаңартылған мазмұны мен жобаларды іске асыру» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э.Ерболов пен П.Әбділ-Әшімнің  ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – сынып жетекшілердің шеберлігін жоғарылату арқылы тәрбиелеу формалары мен әдістерін жетілдіру, сынып же-текшілердің жұмысына заманауи тәрбие беру технологияларын және жаңа жұмыс үлгілері мен әдістерін енгізу.

Семинарға мектеп әкім-шілігі мен  1-11 сыныптың сынып жетекшілері қатысты. Мектеп директоры С.Турикбае-ва семинарды ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселелер-мен таныстырды. П.Әбділ-Әшім «Біртұтас тәрбие бағ-дарламасының жаңа оқу жылындағы даму жолдары» тақырыбында ұстаздарға ақпа-рат берсе, Э.Ерболов «Құқық-бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы  түсінді-ріп шықты. Сондай-ақ, сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проб-лемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар берілді. Қорытын-ды бөлімінде мектеп психологы Д.Шаназарова мұғалімдерге жақсы көңіл-күй сыйлап, сергіту жаттығуын жасатты.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ, «Райымбек батыр атындағы» орта мектеп КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.