
Адам капиталы – ел болашағының негізі
Президент Жолдауында айтылған «Біз адам капиталының сапасын жақсартуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп отырмыз» деген пікірдің маңызы зор. Себебі мемлекеттің басты байлығы – оның халқы, ал елдің болашағы – білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың қолында.
Менің ойымша, адам капиталын дамыту ең алдымен сапалы білім мен саналы тәрбиеден басталады. Әрбір жасқа өз қабілетін ашуға, білімін жетілдіруге, спортпен және өнермен айналысуға мүмкіндік берілуі қажет. Сонымен қатар жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру маңызды. Өйткені жан-жақты дамыған ұрпақ қана еліміздің дамуына өз үлесін қоса алады.
Қорыта айтқанда, жас ұрпаққа жасалған жағдай – болашаққа салынған инвестиция. Бүгінгі білімді де тәрбиелі жастар – ертеңгі елдің тірегі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы.
Білім бөлімінің басшысы Ш.Кошаханова
