
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Рысбаев Есбол Тоққожаұлының 2026-2030 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Рысбаев Есбол Тоққожаұлы 1987 жылы 7 қазан күні дүниеге келгемін.
2005-2009 жылдары Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша білім алдым.
06.01.2014-30.03.2014 жылдары Алматы қаласының Статистика департаменті ММ, Сауда статистикасы басқармасының бас маманының міндетін атқарушы қызметін атқардым.
31.03.2014-25.12.2016 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі сауда статистикасы басқармасының бас маманы қызметін атқардым.
26.12.2016-16.11.2020 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басқарма басшысы қызметін атқардым.
17.11.2020-11.06.2022 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басшысы қызметін атқардым.
2022 жылы 12 маусым Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
Мен, Бәйдібек би ауылдық округінің ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта, ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыруға жұмыс жүргіздім. Соңғы төрт жылда округімізде нақты өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылы 510 бірлікті құраса, 2025 жылы 624-ке жетіп, 22,3%-ға артты. Бұл ауылда кәсіпкерлік белсенділіктің айтарлықтай жанданып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, жеке шаруа қожалықтарының саны да едәуір өсіп, 2022 жылғы 205-тен 2025 жылы 344-ке дейін көбейіп, 67,8%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар ілгерілеушіліктер байқалады. Ауылдық округ бюджеті де айтарлықтай ұлғайды. 2022 жылы 57,643 млн теңгені құраған бюджет көлемі қазіргі таңда 166,312 млн теңгеге жетіп, шамамен 2,9 есеге өсті. Бұл өз кезегінде инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды дамытуға кең жол ашты. Инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Байболов көшесіндегі 122–138 және 144–154 көпқабатты тұрғын үйлердің алдына жалпы көлемі 3 776 шаршы метр асфальт төселді. 2022–2023 жылдары ауызсу құбырлары жаңартылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарының 90%-ы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Қазіргі таңда, 2024–2026 жылдары кәріз құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ауылдың қоғамдық кеңістіктерін абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде іске асырылуда. Орталық саябақта 850 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы салынып, 50 жарық шам орнатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар мен ауылдың 7 көшесіне жалпы саны 67 жарық бағаналары қойылды. Спорт және демалыс инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1 шағын футбол алаңы, 7 балалар ойын алаңы және воркаут алаңдары салынды. Сонымен бірге, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Қоғамдық тәртіп пен санитарлық жағдайды жақсарту бағытында да нақты шаралар қабылданды. Ауыл орталығындағы аялдама маңында орналасқан заңсыз жайма базар арнайы орындарға көшіріліп, аялдама аумағы абаттандырылды. Сондай-ақ, 2 гектар аумақтағы күл-қоқыс полигоны жабылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 172,779 млн теңге көлемінде несие берілді. Нәтижесінде 23 тұрғын кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алып, бір өндірістік кооператив құрылды. Жер қатынастары саласында да оң өзгерістер бар. Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 187,7 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, бұрын иесіз болған 6 тоған ауыл әкімдігінің балансына қабылданып, орталық ескерткіш пен МТФ аумағындағы шамамен 15 гектар жер ресми құжаттармен рәсімделді. Инвестициялық белсенділік те артты. 2022–2023 жылдары ауылға тартылған инвестиция көлемі 212 млн теңгені құраса, 2024–2025 жылдары бұл көрсеткіш 495 млн теңгеге жетті.
Мені Бәйдібек би ауылдық округі əкімі етіп сайласаңыздар,
алдағы 4 жылда:
Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, осы уақытқа дейінгі атқарған жұмысымның жалғасы ретінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары жаңа деңгейге көтеруге өзімнің бар күш-жігерімді саламын.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы:
- Көшелерді жарықтандыру;
- Ауыл ішіндегі жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу және асфальттау;
- Ауылды газдандыру мәселесін кезең-кезеңімен шешу және тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету;
- Ауыл орталығын абаттандыру;
Әлеуметтік – экономикалық саласы
- Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
- Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;
- Т.Әубәкіров және Н.Островский атынғы мектептерді күрделі жөндеуден өткізу;
Саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім
- Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты және бірқалыпты ұстау;
- Заңдылық пен әділдікті басты қағида ретінде сақтау;
- Мемлекеттік саясатты түсіндіру және халықпен кері байланысты күшейту;
Сіздердің қолдауларыңызды алып, сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырамын!
Құрметпен, Рысбаев Есбол Тоққожаұлы!
