+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

Соның салдарынан Түрген – Ассы автомобиль жолының 25-шақырымында жолды су басты. Сонымен қатар Түрген өзенінің бойындағы 6–9-шақырым аралығында орналасқан алты киіз үй мен «Түргенсай» демалыс аймағын су басты. Қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері ішінара зақымданды.

Тексеру барысында ҮАК бойындағы автомобиль жолының 54-шақырымындағы көпірдің су өткізу құрылысы маңындағы топырақтың шайылып жатқаны анықталды. Анықтама ретінде: аталған көпір 2024 жылы апатты деп танылған.

Жағдайды үйлестіру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Байеділов Талғат Ескендірұлың, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің, полицияның, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған туристерді эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Жағдай бақылауда, су басу салдарын жою және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар атқарылуда.