+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛУДА!


Алматы облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың келуін тіркеуге арналған QR-код және Face ID технологияларына негізделген электрондық есепке алу жүйесі енгізілуде.

Жүйенің негізгі артықшылықтары:

Балалардың балабақшаға келуін автоматты түрде тіркеу;

Тәрбиешілердің жұмысын жеңілдету және қағазбастылықты азайту;

Қатысу деректерінің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету;

Жалған мәліметтердің алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;

Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Цифрландыру нәтижелері:

Бүгінде Алматы облысындағы 1127 мектепке дейінгі ұйымның 773-і (68,8%) электрондық табельдеу жүйесін қолдануда.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, жүйені енгізу нәтижесінде 1,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген.
Жүйеде дербес деректерді қорғау талаптары сақталады. Сондай-ақ ата-аналар үшін Face ID технологиясына балама ретінде QR-код арқылы тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазіргі уақытта аталған жүйені Алматы облысының барлық аумағында кеңінен енгізу жұмыстары жалғасуда.

Цифрлық технологиялар – білім беру саласындағы ашықтықтың, тиімділіктің және сапалы басқарудың маңызды кепілі!