+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Алматы облысының аумақтық 

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

(ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ)

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (бұдан әрі интернет портал) меншік иесі «ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық Заңына, ҚР Президентінің Құрылтай сайлауын тағайындау туралы Жарлығына, сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлауға қатысу үшін тіркелген саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін газет және интернет портал алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарландырады.

ГАЗЕТТІҢ, ИНТЕРНЕТ — ПОРТАЛДЫҢ БАСЫЛЫМ 

АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

Газет және интернет портал үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газет пен интернет порталдан басылым алаңдарын беру газет пен интернет порталдың меншік иесі мен тіркеуден өткен саяси партияның үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.

Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың  сенімді өкілдері газет пен интернет порталдың меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

-Саяси партияның тіркелгенін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

-саяси партияның уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

-үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;

-қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;

-өтініш беруші саяси партияның, уәкілетті өкілінің жекебасыкуәлігінің көшірмесі.

Газет пен интернет порталға жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112-үй, 2-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның мекен жайы,қаржыландыру көздері, материалды шығаруға жауапты тұлғалар, жарияланымдардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс.  Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газет пен интернет портал белгілейді. Бірнеше саяси партия атынан, жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет пен интернет портал тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір  уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалдарды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады. 

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуы тиіс. Ал интернет порталға үгіттік баспа материалдарын күнбе-күн тапсыруға болады. Газет пен интернет портал материалдарда конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет пен интернет портал саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

ГАЗЕТ ПЕН ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДЫҢ  БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының газеттегі бағасы: 

– Қазақстан Республикасы Құрылтайын сайлауға қатысу үшін баспа материалдар, жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 400 теңге; 

mezet.kz желілік басылымында орналастырылған үгіттік модуль үшін 300000 теңге. Сонымен қатар, жазбаша үгіт материал үшін   – 150000 тг.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 3 (үш) банк күні ішінде жүргізі-леді. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестің банктік реквизиттеріне төленеді.

«Еңбекшіқазақ»газетінің

бас редакторы                                      Х.Ахметжанов