Алматы облысының барлық аудандарында «Мобильдіфронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен «ашықдиалог» форматындағы кездесулер басталады
Алматы облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорыныңбастамасымен жүзеге асырылатын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріменкөшпелі кездесулер ұйымдастырылады. Кездесулероблыстың барлық аудандарында өткізіліп, кәсіпкерлергемемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдаушаралары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарыжүргізіледі.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналғанмемлекеттік қолдау бағдарламалары, олардың шарттары, субсидия алу тәртібі және кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де тетіктері туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатаркәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздықмөлшерлемелерді субсидиялау, кепілзат жеткіліксіз болғанжағдайда несиеге кепілдік беру, микрокредиттеу, лизингтікқаржыландыру және басқа да мемлекеттік қолдауқұралдары түсіндіріледі.
Кездесулерге тек жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер ғанаемес, өз кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғайфронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы да ақпаратберіледі.
Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердіңорналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік бағдарламаларғақолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ кәсіби мамандардан кеңесалуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен ауданкәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасайды.
Кездесулерге Алматы облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлібанктердің өкілдері, Алматы облысының кәсіпкерлік жәнеиндустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да мемлекеттік органдармен қолдау институттарының өкілдері қатысады.
Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегітапсырмасы аясында іске асырылуда.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларыныңқолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықтықамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақтыдамуына серпін береді.
Алматы облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорыныңМобильді фронт-офис жобасы аясындағы көшпелікездесулерді өткізу кестесі
| № | Аудан | Өткізу күні | Өткізілетін орны |
| 1. | Райымбек ауданы | 05.06.2026 ж.10:00 | Райымбек ауданы, Ұзақ батыр ауылы |
| 2. | Ұйғыр ауданы | 12.06.2026 ж.10:00 | Ұйғыр ауданы әкімдігі, Раджибаева көш. 73 |
| 3. | Кеген ауданы | 12.06.2026 ж.15:00 | Кеген ауданы әкімдігі, Момышұлы көш. 9 |
| 4. | Балқаш ауданы | 16.06.2026 ж. | Балқаш ауданы әкімдігі, Қонаев көш. 66 |
| 5. | Қонаев қаласы | 17.06.2026 ж.11:00 | Қонаев қаласының мәдениет үйі, Жамбыл көш. 13 |
| 6. | Талғар ауданы | 23.06.2026 ж.11:00 | Талғар ауданы әкімдігі, Қонаев көш. 65, үлкен зал |
| 7. | Еңбекшіқазақ ауданы | 23.06.2026 ж.15:00 | Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі, Жамбыл көш. 21 |
| 8. | Жамбыл ауданы | 24.06.2026 ж.11:00 | Жамбыл ауданы әкімдігі, Абай көш. 56, кіші зал |
| 9. | Қарасай ауданы | 24.06.2026 ж.15:00 | Қаскелең қаласы әкімдігі, Абылай хан көш. 213 |
| 10. | Іле ауданы | 25.06.2026 ж.11:00 | Іле ауданы әкімдігі, Өтеген батыр ауылы, Батталханова көш. 8 |
