+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

АСТАНАДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ШАМДАРЫ ЖАҒЫЛДЫ


Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мемлекеттік мереке қарсаңында елордадағы ғимараттар мен LED-экрандар мерекеге орай безендірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған мерекелік бейнелер 3D LED-экранда, алып шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және қаланың басқа да нысандарында көрініс тапты.
Мерекеге арналған безендірулер тарихи датаның маңызын айшықтап, елордада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырады.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 35 жыл толады.