
Асы бастауыш партия ұйымында Жолдауды түсіндіру жұмыстары өтті
Асы бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және өңірлерді дамыту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңыздылығы түсіндіріліп, қатысушылармен пікір алмасу өткізілді.
