+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

АУЫЛДАН БАСТАЛҒАН АРМАН


Жастардың шығармашылығын қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ауыл жастарының белсенділігін арттыру мақсатында Бөлек ауылдық округінде «Ауылдан басталған арман» атты көңілді тапқырлар ойыны өтті.
Іс-шара Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кубогі аясында ұйымдастырылып, оған ауданның әр ауылдық округінен жас командалар қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Абсолют» командасы иеленді. Команда Бөкейхан атындағы мектептің намысын қорғап, Рахат ауылдық округінің атынан қатысты. ІІ орын «Жаңатұрмыс» командасына бұйырса, ІІІ орынды Бөлек ауылдық округінің жастары еншіледі.
«Ауылдан басталған арман» ойыны жастардың өнерін шыңдап қана қоймай, ауылдар арасындағы достық байланысты нығайтып, белсенді әрі шығармашыл жастарды бір ортаға біріктірді.
Осындай мазмұнды шаралар жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа бастамаларға ұмтылуына және өз ауылынан басталған арманын үлкен мақсаттарға ұштастыруына мүмкіндік береді.