
«Аялы алақан» – бала жүрегіне қуаныш сыйлаған игі шара
2026 жылғы 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданының «Қоғамдық келісім және даму орталығы» мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Шелек ауылындағы балалар үйінде «Мейірімділік акциясы» аясында «Аялы алақан» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге жылулық пен қамқорлық сыйлап, олардың көңіл-күйін көтеру, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Кездесу барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. «Аялы алақан» акциясы мейірім мен қамқорлықтың бала жүрегіне қуаныш сыйлайтынын тағы бір мәрте көрсетті.
