
Азаттықтың айшықты белгісі
Республика күні – халқымыздың
тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын,
елдік мұратын және мемлекеттілікке
деген берік ұстанымын айқындайтын
айрықша мереке. Бұл күннің мәні – азат
елдің жетістіктерін саралап қана қоймай,
туған жердің өркендеуіне үлес қосып
жүрген азаматтардың еңбегін бағалау,
ортақ құндылықтарды ұлықтау. Ұлттық
мерейімізді асқақтатып, елдігімізді
дәріптейтін мереке қарсаңында
аудандық Т.Молдағалиев атындағы
мәдениет үйінде салтанатты іс-шара
өтіп, аудан жұртшылығы бас қосты.
Мерекелік жиынға ауданның
зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік-
экономикалық дамуына үлес қосып
жүрген азаматтар, бөлім басшылары,
қоғамдық-саяси өмірге белсенді
араласатын тұрғындар қатысты.
Басқосудың мазмұны да мерекенің
маңызымен сабақтасып, ел дамуына
еңбек сіңіріп жүрген жандарды
құрметтеуге, ауданның қол жеткізген
жетістіктерін көрсетуге арналды.
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
жұмысына назар аударып, Еңбекшіқазақ
ауданының ел экономикасындағы
Мәдениет үйінің фойесінде
аудан кәсіпкерлерінің өнімдері
қойылған көрме ұйымдастырылды.
Көрмеден жергілікті кәсіпорындар
мен өндірушілердің жұмысы, отандық
өнімнің түрлері мен өндірістік
мүмкіндіктері таныстырылды.
Келушілерге ұсынылған тауарлар
аудан экономикасында кәсіпкерлік
саласының өзіндік орны бар екенін
аңғартты.
Бүгінде отандық өнім өндіру, оның
сапасын арттыру және ішкі нарықтағы
үлесін ұлғайту – экономиканың
маңызды бағыттарының бірі. Осы
орайда Еңбекшіқазақ ауданындағы
кәсіпкерлер де өз өнімдерін ре-
спублика көлеміне таратып қана
қоймай, шетел нарығына экспорттауға
күш салып келеді. Жылдар бойы
қалыптасқан өндірістік тәжірибе мен
кәсіпкерлік бастамалар ауданның
экономикалық әлеуетін нығайтуға
ықпал етуде. Қазіргі таңда ауданда
шағын және орта кәсіпкерлік саласын-
да 40 мыңға жуық тұрғын еңбек етеді.
Бұл – кәсіпкерліктің жергілікті халықты
жұмыспен қамтудағы және ауданның
әлеуметтік-экономикалық дамуына
үлес қосудағы маңызын көрсететін
көрсеткіш.
Көрмені аралаған аудан әкімі Рус-
там Исатаев жергілікті өндірушілердің
орнына тоқталды. Әсіресе ауыл
шаруашылығы саласындағы
жетістіктерге тоқталып, ауданның азық-
түлік өндірудегі әлеуетін атап өтті.
«Ауданымыз – Алматы
агломерациясының негізгі азық-түлік
өндірушілерінің бірі. Бір ғана мысал
– Қазақстанда жиналатын алманың
төрттен бірі – біздің ауданымызға тиесілі.
Жыл сайын біздің бағбандарымыз 50
мың тоннаға жуық алма жинайды. Бұл
бірнеше буынның маңдай тері, жерге де-
ген ықыласы, кәсіпке деген адалдығы»,
– деп атап өтті аудан әкімі.
Шынында да, ауданымыз үшін ауыл
шаруашылығы – елді мекендердің
тіршілігімен біте қайнасқан, талай
ұрпақтың еңбегімен қалыптасқан
маңызды сала. Әсіресе алма өсіру
дәстүрі өңірдің өзіндік ерекшелігін та-
нытып, ауданның ауыл шаруашылығы
бағытындағы әлеуетін айқындайды.
Бағбанның маусым бойғы тынымсыз
еңбегі, жерді күтіп-баптау мен өнім
өсіруге деген жауапкершілігі – осы
жетістіктің негізі. Аудан басшысының
сөзінен де туған жердің берекесін арт-
тырып жүрген еңбек адамдарына деген
құрмет айқын аңғарылды.
Мерекелік жиында аудан әкімі Рус-
там Маратұлы жиналған қауымды Ре-
спублика күнімен құттықтап, ел даму-
ына үлес қосып жүрген азаматтарға
ризашылығын білдірді. Егемендік
жылдарындағы өзгерістер мен
ауданның өркендеуіне тоқталған ол
ортақ жетістіктің артында әр азаматтың
еңбегі тұрғанын атап өтті.
«Биыл егемен елімізге 35 жыл тола-
ды. Осы жылдар ішінде елімізбен бірге
ауданымыз да өсіп-өркендеп келеді.
Бұл жетістікке қосқан әрқайсыңыздың
үлесіңіз бар. ауданымыздың берекесін
сақтап, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп
жүрген ақсақалдарға алғысым шексіз»,
– деп ризашылығын білдірді.
Аудан әкімінің құттықтау сөзінде
елдің өсіп-өркендеуіне атсалысып
жүрген азаматтардың еңбегін бағалау,
ұрпақтар сабақтастығын сақтау және
қоғамдағы бірлікті нығайту мәселелері
көрініс тапты.
Салтанатты жиын барысында
ауданның әлеуметтік-экономикалық
дамуына үлес қосып жүрген азаматтар
мен әртүрлі сала мамандары марапат-
талды.
Мерекелік басқосу эстра-
да жұлдыздары мен аудан
өнерпаздарының концерттік
бағдарламасымен жалғасты. Өнер
иелері ұсынған шығармашылық тар-
ту жиынның мазмұнын толықтырып,
мерекелік көңіл күй сыйлады.
