+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында БіріншіБаку түркология құрылтайының 100 жылдығына арналғанхалықаралық ғылыми-мәдени іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушы – Түркі мәдениеті және мұрасы қоры.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры – соңғы жылдарытүркі халықтарының ортақ тарихи мұрасын халықаралықдеңгейде жүйелі түрде насихаттап, түркі интеграциясынмәдени бағытта күшейтуге үлкен үлес қосып жүргенжетекші ұйымдардың бірі.

Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясындаҚР Ұлттық орталық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы» аттыхалықаралық көрме өтеді. Экспозицияда бұрын көпшіліккеұсынылмаған сирек архив құжаттары, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында әзербайжандықғалымдардың «Бірінші түркологиялық құрылтай» аттығылыми еңбегі мен тарихи бейнедеректер шежіресініңтұсаукесері өтеді.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырып отырған іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтарыныңортақ тарихи жадын жаңғырту, өзара ғылыми байланыстынығайту және ХХ ғасыр басындағы түркология мұрасынжаңа буынға таныстыру.

Түркі халықтарының ғылыми жадына арналған тарихидата – «1926 жылғы Баку түркология құрылтайы» түркіәлемінің ғылымы, әліпбиі, тілі мен мәдениетін дамытудағыең ірі тарихи оқиғалардың бірі болды. Құрылтай жұмысынаАхмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров секілдіқазақ зиялылары қатысып, қазақ тіл білімінің дамуына негізқалаған.

100 жылдан кейінгі кездесуде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ, Оңтүстік Корея және Солтүстік Кипрден келген белгілі ғалымдар баяндама жасап, Түркі мемлекеттері ұйымы, TÜRKSOY, Халықаралық Түркі академиясы,  Түрік тілі қоғамдастығы сынды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Іс-шаралар ҚР Ұлттық орталық музейі және ҚР Ұлттықкітапханасында өтеді.

Өтетін күні: 22 мамыр 2026 жыл.

Байланыс ақпараты:
+7 705 802 20 58 Серік НұрмолдаТүркі мәдениеті жәнемұрасы қоры өкілі

+7 700 573 30 11 Құралай МұртақызыPR-менеджер