+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Бөлек ауылындағы сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді

Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылдық округіндегі №1035 сайлау учаскесінде сайлаушылар үшін дауыс беру үдерісі ерекше көңіл-күймен өтті.

Бөлек мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне трансформер кейіпіндегі танымал робот — Бамблби арнайы келіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ерекше кейіпкерді көрген балалар мен ересектердің қызығушылығы бірден байқалды.

Бамблби сайлау учаскесіне келген халықпен бірге би билеп, тұрғындармен естелік суретке түсті. Әсіресе балалар үшін бұл күтпеген әрі қызықты кездесу болды. Көпшілік робот кейіпкермен бірге фотоға түсіп, ерекше сәтті естелікке қалдырды.