
Дені сау ұлт – қуатты мемлекет
Алатау қаласында тұрғындар арасында салауатты өмір салтынқалыптастыру, алкогольдік тәуелділіктің алдын алу жәнеотбасы құндылықтарын нығайту бағытында жүйелі жұмыстаржүргізілуде.
Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Арақсызауыл» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары болды. Аталған шараларға қоғамбелсенділері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және қала тұрғындарықатысып, маскүнемдіктің қоғамға тигізетін зардаптарыкеңінен талқыланды.
Кездесулер барысында алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыстұтынудың отбасы берекесіне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығына және жастар тәрбиесіне керіәсері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар арасында салауатты өмір салтыннасихаттау, бұқаралық спортты дамыту және бос уақыттытиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бүгінде Алатау қаласында қоғамдық ұйымдар мен белсендіазаматтардың қолдауымен жастар арасында зияндыәдеттердің алдын алуға бағытталған ақпараттық кездесулер, дөңгелек үстелдер және профилактикалық акциялар тұрақтытүрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстар қоғамда жауапкершілікмәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың өмірсапасын арттыруға ықпал етуде.
Маскүнемдікпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғанаемес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір отбасы, әрбіразамат жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, салауатты өмірсалтын ұстану арқылы қоғамның дамуына өз үлесін қосаалады.
Алатау қаласының қоғамдық келісім институттары алдағыуақытта да қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, отбасылыққұндылықтарды дәріптеуге және зиянды әдеттердің алдыналуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
