+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Денсаулық сақтау ісі дамиды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміз дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Президент денсаулық сақтауға қатысты да бірқатар тапсырма берді. Медицина саласын дамыту мақсатында айқындалған міндеттердің маңызы өте үлкен.
Жолдауда айтылған сала мамандарының жалақысын өсіру мен әлеуметтік қолдау шаралары біздің Еңбекшіқазақ ауданында зор қолдауға ие болды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек және учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін көтеріледі. Мұндай шешім медицина мамандарын ауылдық жерде тұрақты түрде ұстап қалуға, кадр тапшылығын азайтуға үлкен септігін тигізеді. Президент өз сөзінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен аурудың алдын алуға тоқталды. Алғашқы көмек жүйесін жаңғырту, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейту және ауруды асқындырмай, ерте диагностикалау мен профилактикалық тексерулерді күшейтуге басымдық берілді.
Шыныменен, халықтың денсаулығын сақтау тек ауырғанда емдеуден емес, скрининг пен алдын алу шараларынан басталуы тиіс. Жолдауда сондай-ақ инфрақұрылым мен жаңа нысандар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Алғашқы кезеңде еліміздің өңірлерінде 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде перинаталдық орталықтар мен көпбейінді балалар ауруханалары салынады. Бұл шаралар шалғайдағы ауыл тұрғындарының сапалы медицинаға қол жеткізуін одан ары жақсартады.
Г.Отынбекова
Еңбекшіқазақ аудандық Орталық аурухана директорының орынбасары