+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 30 қазанда Қаражота ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында «Қаражота» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Іс-шараға аудан қоғамдық пікір көшбасшылары қатысып, білім беру саласының 60 өкілімен пікір алмасты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – экономикалық дамуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және отандық өндірісті өркендету мәселелері болды.

Жиын барысында ел экономикасына инвестиция тартудың маңыздылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларға қолайлы жағдай жасау және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Инвестициялық жобаларды іске асыру мен өндіріс орындарының әлеуетін арттырудың жергілікті экономиканың дамуына қосатын үлесіне де назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушыларға экономикалық өсімді қамтамасыз ету жолындағы міндеттер түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Осындай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды халық арасында кеңінен түсіндіруге және қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған.