
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!
Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында Кәсіпкерлер күніне орай аудан әкімі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, кәсіпкерліктің өркендеуіне атсалысып жүрген бірқатар кәсіпкерлер марапатталды.
Кәсіпкерлер — ауданымыздың дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген еңбекқор жандар. Олардың табандылығы, бастамашылдығы мен жауапкершілігі ерекше құрметке лайық.
Мерекелік шара барысында кәсіпкерлерге арнап ақ дастархан жайылып, жылы лебіздер айтылып, өзара тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік жасалды.
Осы игі шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне және барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Құрметті кәсіпкерлер, еңбектеріңіз жемісті, бизнестеріңіз берекелі, табыстарыңыз мол болсын! Еңбекшіқазақ ауданының өркендеуіне қосып жүрген үлестеріңіз арта берсін!
Кәсіпкерлер күні құтты болсын! Бірлігіміз бекем, кәсіпкерлігіміз өркенді болсын!
