+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында жасөспірімдер арасында футболдан тартысты турнир өтті

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында аудан мектептері арасында футболдан турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Жарысқа қатысқан командалар алаңда шынайы шеберлік, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі ойын сыйлады. Әрбір кездесу тартысқа толы болып, жас спортшылардың дайындығы мен спортқа деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

Турнир соңында қатысушылар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.