+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР: ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

2026 жылғы 13 қарашада этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша қорытынды есеп конференциясы өтті.

«Еңбекшіқазақ ауданы: бірлік пен қоғамдық келісімнің берік негізі» тақырыбында ұйымдастырылған конференцияға аудан әкімінің орынбасары Сарабеков Ерболат Сарабекұлы төрағалық етті.

Жиынға Алматы облысының ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Нұрахметова Салтанат Орынбекқызы, аудандық прокуратура,полиция басқармасының өкілдері, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, этномәдени қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы аудан аумағындағы этносаралық қатынастардың жай-күйі, қоғамдық-саяси ахуал және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі, этносаралық қатынастар саласындағы даулардың алдын алу және медиация тетіктерін қолдану мәселелері қаралды.

Жиынның негізгі назарында – ықтимал шиеленістердің алдын алу, тұрмыстық сипаттағы жанжалдардың этносаралық сипат алуына жол бермеу, жергілікті жерлердегі ахуалды бақылау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері болды.

Конференция қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар этносаралық қатынастар саласындағы қолданыстағы алгоритмдер кешенін тұрақты басшылыққа алу, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, ақсақалдар және аналар кеңестерімен бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.